-1.3 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 24 октября, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй Пресс-релиздер

Пресс-релиздер

    Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» мемлекеттік цифрлықплатформасы іске қосылды. Жүйе қазір тәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kz веб-сайтында қолжетімді. Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз ету үшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Реестрге ауыстырылды. Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады. Бүгінгі күні: жүйеге2 769-дан астам компания тіркелді; 1 346өтінім қабылданды; Реестрге қазірдің өзінде машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы  кәсіпорындар кіреді, соның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттері, сорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдары, керамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар.  Бұрын Реестрге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырып,  өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Бұл талапты орындамау жағдайында  кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер реестрінен шығарылады. Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және  мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда. Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде...

    ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден...

    Талдықорғанда тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жақсартылуда: 24 үйдің қасбеті, 33 үйдің шатыры жөнделіп жатыр

    Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда қаланың сыртқы келбетін және көшелердің эстетикалық көрінісін жақсарту бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл Жансүгіров көшесі бойындағы 24...

    Жетісу облысында этнокітапхана ашылды

    Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Достық үйі базасында этномәдени кеңістік тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейтін этнокітапхана ашылды. Оны құру барысында Жетісу өңірінің тарихы мен өзіндік ерекшелігіне...

    Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел желі іске қосты

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!   Халықтың хабардарлық деңгейін арттыру және азаматтарға консультативтік көмек көрсету мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша...

    Ұлттық жоба аясында: Талдықорған қаласындағы магистралды жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

    Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы магистралды жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Ұлттық жоба аясында қолға алынған ірі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаладағы...

    Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

    Қаратал ауданында бүгінгі күні егін жинау науқаны барысында 3,2 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылып 5,8 мың тонна астық бастырылды орташа гектар өнімділігі 19...

    «Әлеуметтік әмиян»: АӘК пен ТКК алушылар үшін тауарлық газға 27%-ға дейін жеңілдік

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТКК) алатын азаматтарға тауарлық газға цифрлық ваучерлер беру жөніндегі пилоттық...

    Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында 65 отбасы баспаналы болды

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жетісу облысында 65 отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға арналған жаңа жеке тұрғын үйлердің кілттері Талдықорған қаласында...

    Жетісу облысына – 3 жыл: жергілікті БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті

    Жетісу облысы құрылған 3 жылдың ішінде БАҚ саласына елеулі көңіл бөлініп, ақпарат саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, сала мамандарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты...