«Мектепке жол» акциясы өтті

406

Жетісу гарнизонына қарасты 18404 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.  

Аталмыш бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Олар көп балалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларының  балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен көмек көрсетті. Сонымен қатар, қайырымдылық шараға ат салысқандар демеушілік танытудан аянып қалмады. Атап айтсақ, «Форте банк» акционерлік қоғамы көп балалы әскери қызметшілердің он сегіз баласына оқу құралдары мен мектеп сөмкелерін табыс етті. Балаларға қажеттіліктерін тапсыру барысында жаңа оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтауларына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

— Бөлімде жеке құрамның отбасыларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қайырымдылық шараларына да әскерилер өз үлесін қосып келеді. Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенемін, — деді 18404 әскери бөлімнің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айсұлу Джумакеева.

Көмек қолын созған жандарға ата-аналар мен бүлдіршіндер өз алғыстарын білдірді.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз