Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қашан басталады?

1708

Астана қаласында 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ойындарға 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отырғандығы хабарлануда.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (ДКО) туралы не белгілі? Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды.
Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысында шағын және орта бизнестің, оның ішінде туризм, халықтық қолөнер, қызмет көрсету салаларындағы мүмкіндіктерін іске асыруына жағдай жасалады.

Алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бай мәдени және спорттық бағдарламасы Қазақстандағы этникалық туризмді дамытуға серпін беретіні сөзсіз.

Астанада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі арнайы таныстырылым ретінде дүйім жұртқа таныстырылады.

Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады. ДКО-ның спорттық және мәдени іс-шаралары 5 негізгі нысанда – «Астана Арена» стадионында, «Қазанат» ипподромында, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз сарайында және «Думан» қонақ үй кешенінде өтеді.

Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін «Қазанат» ипподромы бір уақытта 10 мың көрерменді қабылдай алады.

Этноауыл кешені күніне 30 мыңға дейін келушіні қабылдай алады.

Спорттық жарыстармен мәдени шараларды тамашалауға 100 мыңнан астам қазақстандық және шетелдік турист келеді деп жоспарланған.

Шетелдік туристер мен жарыс қатысушылары үшін спорт нысандарының жанында орналасқан елорданың үздік 23 қонақ үй кешенінің қызметі ұсынылады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстанда (2014 жылы) өтіп, кейінгі екеуі де (2016 және 2018 жылдары) осы елде ұйымдастырылды.
Ал 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз