Ел тарихындағы тағдырлы белес

4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мән-маңызына тоқталып: «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда мен Қазақ хандығы заманынан жалғасып келе жатқан елдігіміз өз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арман-мақсаты ақталған күн», – деп атап өткен болатын. Бұл ел тарихындағы тағдырлы белес. Осынау жауапты сәттегі Қазақстанның егемендігі туралы декларация жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды, мемлекеттің саяси, экономикалық және құқықтық дербестігі айқындалған еді. Бұл күн — болашақтағы өркендеу мен дамуға негіз болған мемлекетіміздің жандануы мен нығаюының көрінісі. Баршамыз үшін осы күннің мәні де, маңызы да жоғары. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған күн. Егемен ел болған жылдан бері бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды, осылайша Орталық Азия өңірінде көш бастап келеміз. Басталған реформалар жалғасын тауып, тұрғындарға ыңғайлы орта қалыптастыру, білім, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді жақсарту, цифрландыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Мәселен, күні кеше қаламызда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға беріліп, бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды. Сонымен қатар тұрғындарға баспана кілті табысталды. Еліміздің егемендігі мәңгілік, көк туымыздың тұғыры биік болсын!

Керімбеков Ақшабай Дүйсембекұлы, Талдықорған қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз