Талдықорғанда барлық смарт аялдамалар қалпына келтірілуде

728
Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы 21 смарт аялдамалар бар. Олар 2018 жылы қолданысқа берілген. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгінде қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы барлық смарт аялдамалары 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.
«2018 жылы салынған аялдамалардың барлығы расымен сын көтермейтін дәрежеге жетіп, халық арасында үлкен мәселеге айналған болатын. Енді смарт аялдамаларды түгелдей жөндеп, ретке келтіріп жатырмыз. Биылғы жылы 12 аялдаманы жыл соңына дейін жасап, қолданысқа беретін боламыз. Қалған 9 аялдаманы 2025 жылдың көктемінде береміз деп жоспарлап отырмыз», — деді қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.
Қаламыздығы смарт аялдамаларда жылытқыш батареялар және салқындатуға арналған кондиционер, тегін Wi-Fi мен смартфондарды қуаттындырғыштар да қарастырылған. Аялдамалар таңғы 06:30-да ашылып түнгі 22:00-де автоматты түнде жабылатын болады.
Айта кетейік, смарт аялдамалар енді күнделікті тазаланып, тәулік бойы бейнебақылауда болатын болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз