«Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды

4006

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған әр жылғы Жолдауында  білім саласына  тапсырмаларды жүйелеп келеді. Бүгінгі маңызды құжатта балалардың құқығы, алаңсыз өмірі турасында ойлар айтылды.

Әрине, айтар болсам,  азаматтардың ой-санасы,  пікірі өзгеруі керек. Осы Талдықорған қаласында референдум кезінде тұрғындармен пікірлесуге мүмкіндік туды. Сонда қоғамдағы өзгерістер турасында айттық, түсіндірдік. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» бір адам ғана құра алмайтындығы белгілі. Әр азамат өз үлесін қосып,  еңбек етуі керек.

 Ал, білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.

«Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек. Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезіледі. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан, осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек. Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады.

Мемлекет басшысы бұл Жолдауда  бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Ал, бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туары сөзсіз. Президент сөзінше, бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс.

 

Болат Тұрысбеков,

білім саласының  ардагері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз