Боччадан өткен облыстық турнир

3912

Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай бочча спорт түрінен Жетісу облысының турнирі өтті.

«Жастар» спорт сарайында өткен сайысқа денсаулығында ақаулығы  бар жандар қатысты. Жалпы айтқанда, боулингке ұқсас ойын түрінің енгізіліп, 2019 жылы алғашқы секциясы Астанада ашылған еді. Содан 2021 жылы Бочча спорт түрінен федерациялар құрылып, өңірлерде дами түсті. «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортқа тарту орталығы» КММ –нен бочча бөлімшесі ашылып, онда жаттығушылардың да қатары  біршама.

Бочча федерациясының Жетісу облысы бойынша президенті, облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл  жарыс жолына шыққан спортшыларға сәттілік тіледі. 18 қатысушы аурушаңдық категориясы бойынша бірнеше  топқа  бөлінді. Қырағылық пен жылдамдық танытқан Қ. Асқарбеков, Д.Омарбаева, А.Нұрталиева, М.Мұратхан, А. Есжанқызы, А. Қашағанов 1- орындарды иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз