Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!
Халықтың хабардарлық деңгейін арттыру және азаматтарға консультативтік көмек көрсету мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел желі іске қосты.
Енді әрбір азамат өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандардан кеңес ала алады.
Жедел желінің жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін
(түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).
Байланыс телефоны: 8 (7282) — 55-91-27.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз және мұқият болыңыз!
Сіздің қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті





























