Мемлекеттік стипендия табыс етілді

476
Дереккөз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне, атап айтар болсақ, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерман, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиева, Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмова, актриса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бақтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, кино режиссері Фархат Шәріповке және өзге де жас дарындарға  табысталды.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK