Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда қаланың сыртқы келбетін және көшелердің эстетикалық көрінісін жақсарту бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл Жансүгіров көшесі бойындағы 24 көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін және 33 тұрғын үйдің шатырын жөндеу жоспарланған. Абаттандыру жұмыстарының барысымен жұмыс сапары аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соңғы жылдары өңір басшысының тапсырмасына сәйкес Талдықорған қаласындағы тұрғын үй қорының сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен бұл қаланың ескі шағын аудандарын қамтыды. Атап өтсек, облыс құрылғаннан бері 80 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры және 30 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Сонымен қатар қаланың орталық көшелері, оның ішінде Жансүгіров көшесі де қайта жаңғыртудан өтті.
Жансүгіров көшесіндегі тұрғын үйлерді аралау барысында Бейбіт Исабаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударды. Мердігер ұйымның атқарушы директоры Қайрат Иманғабыловтың айтуынша, компания алты көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеуді жүзеге асыруда. Қазіргі таңда нысандарда жоспарланған жұмыстардың 40–60% орындалған. Ал тұрғын үйлердің шатырларын жаңартумен айналысып жатқан мердігер ұйымның өкілі Сақтасын Нөкербеков осы көшедегі төрт тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар облыс әкімі қайта жаңғыртылып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының иелері өз нысандарын бірыңғай дизайн-код талаптарына сәйкес рәсімдеуі қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Талдықорған қаласы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлер арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Нысандарды аралау барысында Жансүгіров көшесіндегі №80/84 үйдің тұрғындары облыс әкіміне жолықты.
— Үйімізге 55 жыл ішінде алғаш рет осындай ауқымды жөндеу жүргізіліп жатыр. Бригада өз жұмысын сапалы атқарып жатқанын көріп отырмыз, құрылыс материалдары да уақытылы жеткізілуде. Біздің мәселемізге көңіл бөліп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, – деді осы үйдің тұрғыны Владимир Борисов. Атап өтсек, бұл тұрғын үйге жөндеу жүргізу қжеттілігі туралы мәселе бұған дейін облыс әкімінің халықпен кездесуінде көтерілген болатын.
Сондай-ақ Бейбіт Исабаев Жансүгіров көшесіндегі магистралды жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын да тексерді. Өңір басшысы құбыр тарту жұмыстарының қарқынын бағалап, жол жабындысын қалпына келтіру мерзіміне ерекше назар аударды.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын магистралды жылу желілерін ауыстыру көзделген. Қайта жаңғырту жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде Гагарин көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде құбырларды төсеу жұмыстары толық аяқталды. Ал екінші кезең Шевченко көшесінен №3 сорғы станциясына дейінгі аралықты қамтиды. Құбырлар төсеу және гидравликалық сынақтар аяқталғаннан кейін жолдың асфальт жабыны толық қалпына келтіріледі. Жылыту маусымы басталғанға дейін нысан толық пайдалануға берілуі тиіс.
Облыс әкімі қазіргі таңда қалада жылумен жабдықтау жүйесін кезең-кезеңімен табиғи газға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы мақсатта болашақта негізгі жүктемені көтеретін газ турбиналы станция салынып жатыр. Сонымен қатар «Басқуат» көмір қазандығы резервтік жылу көзі ретінде сақталады. Қабылданып жатқан бұл шаралар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға да оң әсерін тигізеді.
— Бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар аяқталғаннан кейін Жансүгіров көшесі заман талабына сай жаңа келбетке ие болады. Жылу желілерін жаңғыртумен қатар көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеп жатырмыз. Одан кейін жол жабыны толық қалпына келтіріледі. Осылайша, жүйелі қарастырудың арқасында биыл Жансүгіров көшесіне қатысты барлық жұмыстарды аяқтаймыз. Ал келесі жылы бұл жұмыстар қаланың басқа да бөліктерінде жалғасады, – деді Бейбіт Исабаев.
Бұл ретте Жетісу облысы «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, соның ішінде 2026–2027 жылдарға арналған жобалар пулын қалыптастыру бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында екенін атап өтуге болады. Жалпы алғанда, алдағы екі жылда өңірде ұлттық жобаны жүзеге асыруға шамамен 79 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Осы қаражат есебінен екі жыл ішінде 1 156,2 шақырым инженерлік желі жөнделіп, жаңғыртылады, сондай-ақ 83,6 мың есепке алу құралы орнатылады. Соның нәтижесінде өңірдегі инженерлік инфрақұрылымның орташа тозу деңгейі 19 % төмендейді деп күтілуде.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Фототілші: Дмитрий Ерофеев.