Оралбек Жақиянов, ардагер:
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауын мұқият тыңдадым. Сол үшін арнайы Ардагерлер үйіне келдім. Көптеген мәселелер айтылды. Еліміздің өркендеуі басты мақсат. Сондықтан да халықтың байлығы саналатан су, қазба байлықтары туалы айтқаны орынды болды. Өндірісті дамытып, шикізат түріндегі өнімдерді өңдеуіміз керек. Мемлекетімізде қайта өңдеуші кәсіпорындар болмайынша, алға жылжымаймыз. Өсу болмайды. Кәсіпкерлікке қолдау білдіру, олардың жұмыс жасауына құқық қорғау органдары кедергі келтірмеу керек деп Президент дұрыс айтты.
Ең бастысы айналамыздағы, қай саладағы болмасын орын алып отырған жемқорлықты жоюымыз керек.
Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру маңызды. «Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайландығына куә болып келеміз.
«Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», — деді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылатынын атап өтті. «Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарауымыз керек. Бұл – жұртшылықтың сұранысы. Басқаша айтқанда, қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады».