«Үздік кітапхана» жүлдесі -Талдықорған қаласы еншісінде

552

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен концерттік ұйымдардың, ха­лық шығармашылығы және мәдениет үй­лерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханият­ты  дамытуға, игілікті, адам­гершілікті, қайы­рым­дылық пен өзара түсіністікті өріс­тетуге жол ашып, үз­дік мәдени дәстүр­лер­ді сақтауға һәм молай­туға ерекше мән беріп келеді.

Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби  күнінде осы салада қызмет жасап, тер төгіп жүргендер марапатқа ие болды.  «Үздік кітапхана» номинациясында  «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ жеңімпаз атанды. Кітапхана басшысы     Күлпан Сейітжанованың айтуынша,  бұл халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосып жатқан кітапханашылардың ортақ  еңбегіне берілген баға.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз