Талдықорғанда алғаш рет мүгедектігі бар жандардың құрал-жабдығын жөндеу жобасы қолға алынды

2900

Биыл «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде 33,5 мың адамды, оның ішінде 21 мың азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тұжырымдама аясында және бос жұмыс орындары есебінен осы жылы 23 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» көрсеткіші бойынша жоспар 9 мыңнан астам адамға жетті. Сондай-ақ 1168 азаматқа шағын несие беру жоспарда бар.

 Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға басымдық берілген. Жыл басынан жұмыссыздардың осы санатынан 10 мыңнан астам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Оның ішінде 4,1 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Олардың 2082-сі – әйел, 1445 – жастар, 92-сі – жарымжандылар және бас бостандығынан айырылған бір адам. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жыл басынан бері Талдықорған қаласы мен Кербұлақ ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жалақысын ішінара субсидиялай отырып, 3 арнайы жұмыс орны құрылды.

Биылдан бастап 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарды санаториялық-курорттық  емделу  кезінде алып жүру үшін жеке көмекшілерге  55  АЕК  (203 060 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек бекітілді. Сондай-ақ,  облыста алғаш рет 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға 6 АЕК (46,7 млн теңге) көлемінде біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі.

2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Талдықорғанда алғаш рет «Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жүріп-тұру құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» жобасы жүзеге асырылып, оң нәтиже берді. Барлығы 435 мүгедектер арбасы жөнделді. Биылғы жылы бұл мақсаттарға 6,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылы Талдықорған қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан шықты. Алайда, белгілі бір себептермен орталықтың құрылысы 2025 жылға шегерілді. Жобаның басты мақсаты – бейімді атқа міну арқылы осындай балаларды сауықтыру», — деді Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз