Ескерткіш маңы тазаланды
Бүгін «Таза Қазақстан», «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында ауған соғыс ардагерлерімен бірлесе орталық саябақ "Ауған соғыс ардагерлері" ескерткіші тазаланды. Аталған акцияға 30 адам 1 техника жұмылдырылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы тұрақты
Өңірлік коммуникация ақпараттық алаңында «Жетісу» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының өткен жылы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары жөнінде айтылды. Бұл жөнінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова, басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрсұлтан Искенов пен Асылан Шайхазимов кеңінен мәлімдеді.
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырудың 2 механизмін іске асыру бойынша мамандандырылған ұйым болып табылады, оның ішінде...
Сенбілікке 8 мыңнан астам жетісулық қатысты
Жетісу облысындағы сенбілікке 8 мыңнан астам адам шықты. Тазалық шарасында облыс әкімі Бейбіт Исабаев экоактивистер, еріктілер, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері, жалпы өңір тұрғындары қатысты.
Осы күні Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің бойында ұзындығы 5 шақырымнан астам өзен арнасының іргелес аумақтары тазаланды. Шараға 2 мыңнан астам талдықорғандық қатысып, 25 техника жұмылдырылды, 165 ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар жеке және көппәтерлі тұрғын...
Талдықорғанда Чернобыль апатының құрбандарын еске алу шарасы өтті
Чернобыль апаты он мыңдаған қазақстандықтардың түбіне жетті. Әлем тарихындағы алапат апаттың зардабын әлі күнге дейін шегіп келеді.
Осыдан 38 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз Отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда олардың көбісі АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады.
Талдықорған қаласындағы Семей ядролық сынақ полигоны және...
Өңір шаруашылықтары қант қызылшасы алқабының көлемін ұлғайтады
Талдықорғандағы шаруа қожалықтарының бірі қант қызылшасы егістігінің көлемін бірден екі есе ұлғайтуда. Мұндай мүмкіндікке шаруашылық заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен сапалы тұқымдарды қолдану, сол сияқты агротехнологияларды сақтау арқылы қол жеткізіп отыр. Шаруашылықтардағы қант қызылшасын себу барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Самай» ШҚ басшысы Еркінбек Сіләмовтың айтуынша, биылғы жылы шаруашылықтың 40 гектардан астам...
Тіл саясатында талап ортақ болуы тиіс
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Президенттің Ұлттық Құрылтайда жасаған баяндамасындағы басты мәселелер мен негізгі басымдықтардың бәріне тоқталып жатпай, тақырыбымызбен байланыстыра ой...
Қала әкімі жол құрылысы мен аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады
Ең алдымен қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы 3 бөлімшеде жүріп жатқан жол сапасын көруден бастады.
Естеріңізге салсақ, қала әкімі 3 бөлімше тұрғындарымен жүздесуінде ішкі көше жолдарының жағдайы сын көтермейтін жағдайға жетіп, көктем-күз айларында су, батпақ әлекке салатындығын және қалаға қатынайтын №13 автобус жүретін жолдың да жағдайы нашар екендігін айтып шағымданған еді.
Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін жоба жасалынып, 3 бөлімшенің ішкі көшелері...
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Президенттің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті. Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты салдарын еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ істен шет қалмай, белсенді...
Абай болыңыз: Кене энцефалиті
Кене энцефалиті – флавивирус (Flavivirus) туыстастығының вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру. Кене шағудан сақтану турасында Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Күнбасова Индира Саветқалиқызы баспасөз мәслихатында хабардар етті.
Ауру кенеттен басталғандықтан науқас адам ауырған уақытын дәл айтып бере алады. Бастапқы көріністері тұмауға ұқсас болады.Қызба, 3-4-күндері бастың тұрақты қатты ауыруы, құсу белгілері қосылады. Алдын алу мақсатында...
Талдықорғанда 80-нен астам көше жолдары жөнделеді
Көктем келгелі қаламыз құлпыра түскендей. "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосқан талдықорғандықтар акцияның әр аптасында белсенділік танытуда.
Таза қала атанған Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары басталды. Айтар болсақ, қала бойынша 80-нен аса көше ағымды жөндеу жұмыстарынан өтпек. Бұдан бөлек, жол белгілері мен жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.
Шаһардың ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін жалғаспақ.





























