Абай болыңыз: Кене энцефалиті

299

Кене энцефалиті – флавивирус (Flavivirus) туыстастығының  вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру.  Кене шағудан сақтану турасында Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Күнбасова Индира Саветқалиқызы баспасөз мәслихатында хабардар етті.

Ауру кенеттен басталғандықтан науқас адам ауырған уақытын дәл айтып бере алады. Бастапқы көріністері тұмауға ұқсас болады.Қызба, 3-4-күндері бастың тұрақты қатты ауыруы, құсу белгілері қосылады. Алдын алу  мақсатында тұрғындардың белгілі бір топтары кенеге қарсы иммундаумен қамтылады.   Бұл қолайсыз аймақта тұратын және жұмыс жасауға немесе демалуға баратын адамдарға жүргізіледі.

 Орман–тоғайға барған кезде сақ болыңыздар.  Кенелерге қарсы жағымсыз иіс туғызатын репелленттер мен аэрозольдарды қолданып, арнайы киім кию, табиғат аясына шыққанда шалбарды шұлықтың ішіне салыңыз, үстіңізге  шеті резеңкеленген  ұзын жеңді киім киіп алыңыз.  Табиғат аясына шыққанда ең маңыздысы өзінің, бір-бірлерініздің  үстілеріңізді қараңыздар. Спикердің айтуынша, кене шаққанда  орнын қасып және кенені жаншып тастауға, кенені бірден жұлып алуға болмайды. Кенені пинцет және басқа затпен алуға әрекет жасамаңыз.  Мүмкіндігінше дәрігер-хирургқа жүгінген жөн.

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары 1-ші, 2-ші турмен сәуір, маусым айларында 230 га көлемінде жүргізу жоспарланған. Кенелердің белсенділігі маусымының басталуына орай 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрғында көп демалатын 210 га аумақта өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық аудандар мен қалаларда өңдеу жұмыстарының 1-туры ауа райының болжамына байланысты 3 мамырға дейін жалғасады, 2- туры маусым айында жүргізілмек.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз