Сенбілікке 8 мыңнан астам жетісулық қатысты

203

Жетісу облысындағы сенбілікке 8 мыңнан астам адам шықты. Тазалық шарасында облыс әкімі Бейбіт Исабаев экоактивистер, еріктілер, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері, жалпы өңір тұрғындары қатысты.

Осы күні Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің бойында ұзындығы 5 шақырымнан астам өзен арнасының іргелес аумақтары тазаланды. Шараға 2 мыңнан астам талдықорғандық қатысып, 25 техника жұмылдырылды, 165 ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер маңындағы аумақтар, көшелер, тротуарлар мен арықтар тұрмыстық қалдықтардан, өсімдік қоқыстарынан және құрғақ шөптерден тазартылды. Облыстың бүкіл аудан-қалаларында тұрғындар белсенділік көрсетті.

Жалпы облыс аумағында шараға 8,2 мың адам қатысып, 665 түп көшет отырғызылды және 240 тонна қоқыс шығарылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз