Қала әкімі жол құрылысы мен аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады

61

Ең алдымен қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы 3 бөлімшеде жүріп жатқан жол сапасын көруден бастады.
Естеріңізге салсақ, қала әкімі 3 бөлімше тұрғындарымен жүздесуінде ішкі көше жолдарының жағдайы сын көтермейтін жағдайға жетіп, көктем-күз айларында су, батпақ әлекке салатындығын және қалаға қатынайтын №13 автобус жүретін жолдың да жағдайы нашар екендігін айтып шағымданған еді.
Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін жоба жасалынып, 3 бөлімшенің ішкі көшелері жолдарын кезең-кезегімен ретке келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 3 бөлімшеде басталған жол жөндеу жұмыстары 2024-2026 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Аймақта жалпы ұзындығы 15 шақырым жол, 20 көше бар болса, биылғы жылы соның 3 көшесі яғни 2,5 шақырымы жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, қала басшысы Солтүстік-Батыс тұрғын үй ауданында жұмыстары қарқын алған жолдың жағдайымен танысып, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін баса айтты.
Аталған аймақта, жалпы ұзындығы 23,7 км болатын жол, 45 көше бар. Ағымдағы жылы соның 25 көшесіне яғни 15 шақырымына қатты жабын асфальт төсемесі төселіп, жаяу жүргіншілер жолымен түнгі жарық шамдары да қойылады.
Бұдан бөлек, қала әкімі былтырғы жылы абаттандыру жұмыстары басталып, бірақ әлі де құрылысы аяқталмай жатқан аулаларды аралап, жауапты мердігерге сын ескертпесін жасап, басталған жұмыстарын толық, сапалы аяқтауды міндеттеді. Егер белгіленген мерзімнен тағы да кешіктірер болса заңның аясында тиісті шара қабылдайтындығын ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз