-5.3 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 18 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді»

Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал етеді. – Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа...

Президент: «2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады»

🟦Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылғанын еске салды. – Соның нәтижесінде үш жыл ішінде тек кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұл жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеу керек. Алдымызда сенімді әрі заманауи энергетика инфрақұрылымын қалыптастырып, экономиканың дамуына тиісті жағдай жасау міндеті тұр. Осы орайда Үкімет «Энергетикалық және...

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. – Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың...

Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда бес жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жалпы саны 5 жаңа нысан ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Қаратал ауданының Ортатөбе және Қанабек ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт, Тастөбе ауылында мәдениет үйі, Қаражиде ауылында спорт кешені ашылды. Мұндай нысандар аталған елді мекендерде бұған дейін болмаған. Сондықтан жаңа ғимараттардың ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын...

Жетісулық шекарашы республикалық турнирдің екі дүркін чемпионы атанды

Алматы қаласындағы ЦСКА спорт кешенінде юниорлар арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген командалар қатысып, олардың қатарында ҚР ІІМ академиялары (Алматы және Қарағанды қалалары), Құрлық әскерлері институты, ВИРЭС, ҚР ҰҚК Академиясы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ABROY СГО, BATYR TEAM ТЖМ, сондай-ақ 15 жекпе-жек клубының өкілдері бақ сынады. Жарысқа ҚР ҰҚК Шекара қызметі атынан ҚР...

Жаркентте Желтоқсан қаһармандарына арналған еске алу кеші өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қатысуымен Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінде 16 желтоқсан - Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу және қаһарман қыз Ләззат Асанованы еске алу кеші өтті. Аталған іс-шара музей басшылығының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 74261 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты....

Қорғас шекарашылары шағын футболдан І орынды жеңіп алды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған» Алтынкөл станциясы ұйымдастырған шағын футбол жарысында жүлделі І орынға ие болды. Жарыс барысында команда жоғары ойын шеберлігін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Бұл жетістік жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі...

«Тәуелсіздік – ұлт рухы, болашақтың тірегі» атты іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасының «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінде жеке құрамның қатысуымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ұлт рухы, болашақтың тірегі» тақырыбында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ел тәуелсіздігінің тарихи маңызы, ұлттық рухты сақтау мен Отанға адал қызмет етудің жауапкершілігі туралы тағылымды әңгімелер айтылып, жеке құрамның...

Қорғаста оқушыларға арналған «Ер есімі ел есінде» ерлік сабағы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінің қатысуымен Қорғас орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары және «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелері үшін «Ер есімі ел есінде, ерлік сабағы» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға ел қорғау жолында ерлік көрсеткен батырлардың өнегелі өмірі таныстырылып, шекара қызметінің маңызы мен Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі...

Тәуелсіздік күніне орай оқушылармен патриоттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне» орай Екіаша орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен «Ел қорғау - ерлік пен намыс жолы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға ел тәуелсіздігінің маңызы, Отан қорғаудың қасиетті борыш екені және шекара қызметінің жауапты міндеттері туралы кеңінен айтылды. Мұндай патриоттық бағыттағы кездесулер...