Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы тұрақты

82

Өңірлік коммуникация ақпараттық алаңында «Жетісу» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының өткен жылы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары жөнінде айтылды. Бұл жөнінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова, басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрсұлтан Искенов пен Асылан Шайхазимов кеңінен мәлімдеді.   

 «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырудың 2 механизмін іске асыру бойынша мамандандырылған ұйым болып табылады, оның ішінде тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша жеңілдікпен несиелендіру. Ағымдағы күнге бағаларды тұрақтандыру тектіктері бойынша 13 мың тоннадан астам көлемде 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша келісімшарттар жасалған. Қазіргі таңда қорда 8 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының (қант, 1 сұрыпты ұн, күріш, күнбағыс майы, рожки, қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз) қоры бар. Сондай-ақ, «Ақсу» қант зауыты, «Көгер ЛТД» ЖШС жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, «Алатау құс» АҚ құс еті бағытындағы фабрикасы, «Sardar Export» ЖШС нан комбинаты, «Ляззат-2016» ЖШС сүт зауыты, картоп, сәбіз және пияз өндіретін 7 шаруа қожалықтары, Түркістан облысының ерте пісетін көкөністерді өндіретін  шаруа қожалығы, 2 наубайхана және 3 мал бордақылау алаңы сынды 17 тауар өндірушілермен келісімшарт жасалған. Бүгінгі күнге,  бірқатар әлеуметтік сауда нүктелері және «Смолл», «Магнум», «Тоймарт» сауда желілері, сондай-ақ, «үй жанындағы» дүкендер  арқылы қалыптастырылған қорға үздіксіз тауар интервенциялары жүргізілуде. Спикерлердің айтуынша 8 әлеуметтік сауда орындары, оның ішінде Талдықорған қаласында – 4 әлеуметтік дүкен және Үштөбе қаласында – 1, сонымен қатар коммуналдық базарда, әлеуметтік базарда және «Көкбазар» сауда үйлерінде ашылған. Аталмыш сауда орындарына жеткізілетін тауарлар бағасы нарықтық бағадан орташа есеппен 10-15 %-ға төмен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз