Жас ғалымдарға зор үміт артылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық ғылым академиясының таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен «Ғылым ордасы» ғимаратын аралап көріп, ғылыми қауымдастықпен кездесті. Президент елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтіп, бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет екенін тілге тиек етті.
ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры. Әсіресе қолданбалы ғылымның көз ілеспес...
Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер енгізілді. Жаңа баламалы салық режимі – арнаулы салық режимі енгізілді.
Алайда, Ринат Жамаубаев атап...
Радиотехникалық объектілерінде электромагниттік қауіпсіздікті бақылау қалай жүзеге асырылады?
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бақылауында 850 радиотехникалық объектілері бар. 2024 жылдың қазіргі кезеңінде электромагниттік өрістің 1068 өлшемі жүргізілді.
Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов бөлісті.
«Халықты базалық станциялардың антенналары немесе жалпы радио-техникалық объектілер құратын электромагниттік өрістің әсерінен қорғану мақсатында санитариялық-қорғау аймақтары және құрылыс салуды шектеу аймақтары белгіленеді. Биыл таратушы радио-техникалық объектілерден, электр берудің...
Сәлем жаз-2024. Балаларды қорғау күніне онкүндік басталады
Жетісу облысында балаларды қорғау күні және жазғы демалысты ұйымдастыру, дайындық пен жоспар жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жолы Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы Сүлейменов пен басшы орынбасары Гүлмира Ахметова халықаралық балалар күні мен жазғы демалыс турасында ой бөлісті.
Марат Бекбосынұлының айтуынша облыста қала сыртындағы 14 сауықтыру лагерьлері жұмыс істейді.Оның 12 – сі қала сыртындағы жазғы сауықтыру орталықтары, 1...
Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу шарасы Талдықорғанда өтті
Талдықорғанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, даңқты жерлесіміз, Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Бұл зұлматты күн ХХ ғасырдың тарихи шежіресінің ең ауыр кезеңдерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, рухына тағзым етуге арналған.
Тағылымды шараның шымылдығын Жетісу облыстық ардгерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт ашып,...
Қоғамдық кеңес отырысы
Талдықорған Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылында атқарылған шаралар, ағымдағы жылғы көктемгі суару жұмыстары, фитосанитариялық жағдай, жусан жапырақты рагвидпен күрес және өзге де түрлі тақырыптағы мәселелер қаралып, талқыланды.
Қалалық білім бөлімі басшысының м.а Шынар Жүсіпқызы мен бас маман Ғалым Құджақов, «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Абзал Зейнулда, Талдықорған қаласы аумақтық инспекциясы басшысының м.а Алмас...
Рухы биік, санасы сергек өрендер
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз». Иә, бүгінгі таңда жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, адами қасиеті мол шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – басты миссия. Олардың қоғамдағы белсенділігі мен мәдени әлеуетін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, шығармашылықтарын...
Саяси қуғын-сүргін зұлматы — тарихи трагедия
Саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. 100 мыңнан астам азамат қуғын-сүргінге ұшырап, соның 25 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, өзге де ұлт зиялылары бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады.
Мәселен, 1993...
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүзеге асып жатыр
Бүгінгі таңда Жетісу өңірінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қарқынды өсіп жатыр. Себебі, бизнеске бағытталған қолдау шаралары жетерлік.
Осы орайда, өңірлік «AMANAT» партия филиалының төрағасы Арыстанғали Арын Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевпен Көксу ауданы және Текелі қаласында кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Өтініш арқалап келген азаматтардың мәселелері өзекті. Ал азаматтардың мүдделерін ілгерілету – партияның ең маңызды...
Кезекті демалыс – жол-көлік оқиғасыз
Алдын-алу іс-шаралары қажетті нәтижеге жетуге бағытталған. Осыған орай «Кезекті демалыста жол - көлік оқиғасыз» атты акция аясында іс-шара өтті.
Іс-шараға Жетісу гарнизоны Әскери полиция бөлімі бастығының (қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары бөлімше бастығы, майор Айбын Сәмбетбаев, алдын алу бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрбол Зейтинов, Қаратал аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік көлік инспекторы полиция аға лейтенанты Асхат Жунусов, әкімшілік тәжірибе тобының...




























