Сәлем жаз-2024. Балаларды қорғау күніне онкүндік басталады

1923

Жетісу облысында балаларды қорғау күні және  жазғы демалысты ұйымдастыру, дайындық пен жоспар жөнінде  баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жолы Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы Сүлейменов пен басшы орынбасары Гүлмира Ахметова халықаралық балалар күні мен жазғы демалыс турасында ой бөлісті.

Марат Бекбосынұлының айтуынша облыста қала сыртындағы 14 сауықтыру лагерьлері жұмыс істейді.Оның 12 – сі қала сыртындағы жазғы сауықтыру орталықтары, 1 — мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығы,  тағы біреуі дарынды балаларға арналған лагерь. Жалпы айтқанда, өңірде 102630 оқушы жазғы демалыспен қамтылмақ.  Негізінен, 93 мыңнан аса бала мектеп жанындағы лагерьде, ал 500-і киіз үй лагерьде және де 8907-сі қала сыртындағы  лагерлерде демалады деп жоспарланып отыр. Биыл балалар демаласы кезінде олардың қауіпсіздігіне айрықша мән берілуде. Сондай-ақ, мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балалар туристік саяхатпен, еңбекпен, шығармашылықпен, интеллектуалдық шыңдаумен қамтылады. Мектеп ауласына қазақ үйлер құрылып, ұлттық құндылықтарға негізделген шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 1 113 (159 млн. теңгеге), «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталықтарында (Көкшетау, Қонаев, Алматы)   242 бала демалады.

Бүгінгі күнде 14 қала сыртындағы лагерлердің     7-і санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаментіне қорытынды алуға өтінім беріп, рәсімделу үстінде.  Енді тағы 5-еуі зертханалық зерттеулерінің қорытындысын алғанға тапсырыс берді. «Жалын» сауықтыру лагерінің паспорты халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге берілді.

«Шағала» сауықтыру лагерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Ашылу уақыты   17 маусымға белгіленіп отыр. Бұдан басқа 2 мемлекеттік және 3 жекеменшік лагерлерін ашу жоспарлануда. Бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 3 771 балаға жолдама ұтып алынды, оның 1856-сы Талдықорған қаласының балалары.

2847 оқушы облыс аумағындағы және де 924 бала Алматы облысы аумағында орналасқан лагерлерге жіберіледі.

Ал ертеңгі  1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне де шаралар  көптеп өткізіледі.  Гүлмира Тойғанбекқызы : «Биыл 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мерекені өткізу алгоритмі және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Алтын балалық шақ» декадасының тұжырымдамасына сәйкес өткізіледі.  Осыған орай, облыстық мерекені өткізу іс-шаралар жоспары құрылды. Мәселен,онкүндік аясында аудан, қала, ауыл орталықтарында «Біз бақытты баламыз» мерекелік бағдарлама, «Open Air» — «Әншуақ» балалар әндерінің қазақ тіліндегі концерті, балалар суреттері мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, спорттық шаралар мен ойындарды,  тарихи-өлкетану іс-шаралары, тақырыптық байқаулар, көрмелер, квесттер, экологиялық акциялары, жазғы демалыс бойынша бейнероликтер жасау, челлендж, қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының балалармен кездесулер ұйымдастырылады»,-  дейді.

«Алтын балалық шақ» декадасының негізгі іс-шаралары:

I.«Бақытты балалық шақ!» («Біз бақытты баламыз» мерекелік бағдарлама, «Open Air» — «Әншуақ» балалар әндерінің қазақ тіліндегі концерті).

II.«Отбасы аясында» (отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау).

III. «Таланттар шеруі» (Балалар суреттері мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі).

IV.«Денсаулық лигасы» (Таза ауада спорттық шаралар мен ойындарды ұйымдастыру).

V. «Бірлік – тірлік тірегі!» (Тарихи-өлкетану іс-шараларын, тақырыптық байқаулар, көрмелер, квесттер өткізу).

VI.«Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде» («Балаларға қауіпсіз интернет күні» интернет қауіпсіздігі және балалардың кибербуллингінің алдын алу бойынша шаралар өткізу).

VII. «GARMONIA» (экологиялық акциялары: гүлзарлар отырғызу, қоқыстарды тазалау).

YIII. «Досыңа қуаныш сыйла» (Ерекше қажеттіліктері бар балаларды, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларды қолдау қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру).

IX.«ZHAZ ONLINE» (жазғы демалыс бойынша бейнероликтер жасау, әлеуметтік желілерде жариялау, челлендж, блог жүргізу);

X.«Атадан балаға мұра» ( қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының балалармен кездесулері, әңгімелерді бірлесіп талқылауы, өлеңдер оқу).

Сонымен қатар, Талдықорған қаласында   «Сәлем жаз — 2024» жазғы маусымның ашылу аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының  245 балалары саяхатқа барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз