Жас ғалымдарға зор үміт артылады

230

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық ғылым академиясының таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен «Ғылым ордасы» ғимаратын аралап көріп, ғылыми қауымдастықпен кездесті. Президент  елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтіп, бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет екенін тілге тиек етті.

ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры. Әсіресе қолданбалы ғылымның көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезеңінде ғалымдар жаңа көкжиекке көз тігуі тиіс. Біз әлемдік жаңа технологияларды игеріп, өзімізге бейімдеуіміз керек.  Негізгі миссия — мемлекетімізді жедел әртараптандыру және экономикасын тұрақты дамыту үшін нақты ғылыми үлестермен қамтамасыз ету. Президент өз сөзінде «Біз қазіргі заманғы технологияны меңгерген жас ғалымдарға зор үміт артамыз. Жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Биыл Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Бұл кеңес талапты жастардың басын қосып, ғылым жолына жұмылдырады деп сенемін»-деді. Бұл орайда  жастардың ғылыми дағдыны меңгеріп, оны іске асыруда, яғни идеядан нақты нәтижеге жету барысында мол мүмкіндік қарастырылғанын байқауға болады.

Анарбек Монголхан, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз