Радиотехникалық объектілерінде электромагниттік қауіпсіздікті бақылау қалай жүзеге асырылады?

249

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бақылауында 850 радиотехникалық объектілері бар. 2024 жылдың қазіргі кезеңінде электромагниттік өрістің 1068 өлшемі жүргізілді.

Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов бөлісті.
«Халықты базалық станциялардың антенналары немесе жалпы радио-техникалық объектілер құратын электромагниттік өрістің әсерінен қорғану мақсатында санитариялық-қорғау аймақтары және құрылыс салуды шектеу аймақтары белгіленеді. Биыл таратушы радио-техникалық объектілерден, электр берудің әуе желілерінен, трансформаторлық қосалқы станциялардан 80 бақылау нүктесінде электромагниттік өрістің 4272 өлшеуін жоспарлаған», — деп бөлісті.
Спикер ұялы телефон радиотолқындар шығаратынын және денсаулыққа әсер етуі мүмкін екенін еске салды. Ол мобильді құрылғылар 450-ден 2700 МГц-ке дейінгі жиіліктерде 0,1-ден 2 Ваттқа дейінгі ең жоғары қуат мәндерімен жұмыс істейтінін атап өтті. Тәуекелдерді азайту үшін ұялы телефондарды бас пен денеден 30-40 см қашықтықта ұстауды ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз