Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

205

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер енгізілді. Жаңа баламалы салық режимі – арнаулы салық режимі енгізілді.

Алайда, Ринат Жамаубаев атап өткендей, құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын, бөлшек салықтың арнайы салық режимді қолданатын заңды тұлға бөлшек салықты қолдана алмайды.

Бөлшек салық режимін қолдану критерийлері де анықталды. Бұл режимді мынадай шарттарды қанағаттандыратын салық төлеушілер пайдалана алады: салық кезеңіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан, күнтізбелік жылдағы табыс 600 000 АЕК-тен аспайды. Осы режимді қолдану үшін ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз