Кезекті демалыс – жол-көлік оқиғасыз

188

Алдын-алу іс-шаралары қажетті нәтижеге жетуге бағытталған. Осыған орай «Кезекті демалыста жол — көлік оқиғасыз» атты акция аясында іс-шара өтті.

Іс-шараға Жетісу гарнизоны Әскери полиция бөлімі бастығының (қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары бөлімше бастығы, майор Айбын Сәмбетбаев, алдын алу бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрбол Зейтинов, Қаратал аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік көлік инспекторы полиция аға лейтенанты Асхат Жунусов, әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрман Умаров 15603 және 55078 әскери бөлімдерінің лауазымды және жауапты тұлғаларымен кездесу өткізді.

Басқосуда  жол-көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау және заң талаптарын қатаң түрде сақтау бойынша мәселелер қаралды. Іс-шараның басты мақсаты да сол болды, яғни жолда жүру кезінде әскери қызметшілердің қатысуымен болатын әскери және жеке көліктермен жол-көлік оқиғаларын алдын алу.

— Мұндай шаралар әскери қызметшілермен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін  айту болып табылады, — дейді алдын алу бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрбол Зейтинов.

                                                                    Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз