Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі
Жетісу ақпараттық алаңына шақырылған спикерлер Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматттық қорғау подполковнигі Сергей Огай мен облыстық ТЖД аға инженері, аға лейтенант Еламан Аубакиров 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі турасында баяндады.
Спикерлердің айтуынша, жыл сайын облысымызда төтенше жағдайлардың көпшілігі жеке тұрғын үйлерде жылыту маусымы басталғанда орын алады көрінеді. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында Жетісу облысы аймағында ...
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Известия» газетіне берген сұхбаты
– Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатыстыңыздар. Сол жерде де Ресей Федерациясының Президентімен жүздестіңіз. Екі ел арасындағы қатынастардың дамуына қандай баға бересіз? Алдағы келіссөздер барысында...
Халықаралық ынтымақтастықтың зор мүмкіндіктері
Қытай Халық Республикасының ШҰАР халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті мен Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы арасында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл маңызды құжатқа ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімжі қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия» форумы аясында қол қойылды.
Меморандумды табысты іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша іскерлік байланыстарды дамыту, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар...
Ахмет бейнесін сомдаған білімгер
Президентіміз :«Мемлекеттік тіліміздің қолданысын кеңейту болашақтағы ең басты мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс. Мемлекеттік тіл кәсіптің барлық саласында кең қолданылуы қажет. Сонда ғана қазақ тілінің мәртебесі көтеріледі»,- деп атап көрсетті.
Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігінен бастау алатыны белгілі . Мемлекет басшысының «Қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдау» тапсырмасы бар, ол да жүзеге асырылуда. Әрине,шынтуайтында , ҚР-ның әр азаматы мемлекеттік...
Онкологиялық ауруға қарсы күрес шаралары атқарылуда
Еліміздегі онкологиялық аурулар, бүкіл әлемдегідей, әлеуметтік маңызды және медицинаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Жетісу облысында онкологиялық аурудың сүт безі, жатыр мойнының және асқазанның қатерлі ісігі жиі кездеседі. Аурудың өсуі 4,2 пайызды құрайды. Аймағымызда ауруды ерте анықтау және алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық көпсалалы емхана директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Сүт безінің қатерлі ісігі әйелдерде...
Талдықорған қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы «Рухани жаңғыру» орталығында өтті. Отырысқа қалалық әкімдіктің әр саласы бойынша жауапты мамандар, бөлім басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде 2024 жылға арналған бюджетті бекітуге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштерін алдын ала қарау және екіншісі, Білім беру, мелиорация және қаланы көгалдандыру мәселелер бойынша сарапшылардың қызметі, сатып алуға техникалық ерекшелік дайындау мәселесі...
«Ортақ шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ.
2.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
- Жастардың кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылығын ояту,
- Үздік жобаларды қаржыландыру арқылы жастар кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және жастар кәсіпкерлік экожүйесін ұлғайту.
- Жастар арасында жеке және кәсіби құзыреттіліктерді, кәсіпкерлік дағдыларды арттыру.
- Түрлі бизнес және технологиялық міндеттерді шешу, жаңа жобаларды құру үшін стартап жобалар конкурсына қатысушыларды тарту арқылы облыс жастарының...
Ұлтын сүйген ұлы тұлғалар
Қазақ әдебиетінің көрнекі тұлғалары Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлтын сүйген ұлы тұлғалар» тақырыбында қалалық байқау өткізілді. Бұл шараны «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі бірлесіп ұйымдастырған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мағжан мен Сұлтанмахмұт тәрізді тұлғалардың шығармашылығымен жастарды кеңінен таныстыру мақсатын көздеді. Сондай-ақ, білімгерлердің шығармашылық ізденісін,...
Елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, елімізде 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауды жүргізу басталды.
Алматы облысында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіледі.
Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау...
ҚР ДСМ СЭБК Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары тағайындалды
ҚР ДСМ СЭБК Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып Күнбасова Индира Саветкалиқызы тағайындалды.
Индира Күнбасова 1984 жылы Алматы облысында Каспан ауылында дүниеге келген. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы университет қабырғасында бастады, бұдан әрі Алматы облысының МСЭҚБ туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Алматы облысының ТҚҚД...




























