ҚР ДСМ СЭБК Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

297

ҚР ДСМ СЭБК Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып Күнбасова Индира Саветкалиқызы тағайындалды.

Индира Күнбасова 1984 жылы Алматы облысында Каспан ауылында дүниеге келген. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы университет қабырғасында бастады, бұдан әрі Алматы облысының МСЭҚБ туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Алматы облысының ТҚҚД карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды (оның ішінде туберкулезді) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді, 2018 жылдан бастап Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарды, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап ҚР ДСМ СЭБК Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Әр жылдары Индира Күнбасова Алматы облысы әкімдігінің, «Аманат» партиясы төрағасының және Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз