"Таза Қазақстан": Жетісуда «Таза бейсенбі» тазалық акциясы өтті

Бүгін Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» кең ауқымды санитарлық тазарту және көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Экологиялық іс-шараға аудан және қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері, эко-белсенділер, еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты.

Акцияға жалпы саны 5 895 адам қатысып, 122 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 168 гектар аумақ тазартылып, 406 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды және өңірде 5,6 мың түп ағаш отырғызылды.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Жалпы, «Таза бейсенбі» акциясы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

 

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметі бойынша

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз