Ұлтын сүйген ұлы тұлғалар

355

Қазақ әдебиетінің көрнекі тұлғалары Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  туғанына 130 жыл толуына орай  «Ұлтын сүйген ұлы тұлғалар» тақырыбында қалалық байқау өткізілді.  Бұл шараны  «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі  бірлесіп ұйымдастырған болатын.  Ұйымдастырушылардың айтуынша,   Мағжан мен Сұлтанмахмұт тәрізді  тұлғалардың  шығармашылығымен жастарды  кеңінен таныстыру мақсатын көздеді. Сондай-ақ,  білімгерлердің шығармашылық ізденісін, оқуын, поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

 Байқау қатысушылары өзара екі кезеңде бақ сынасты. 1-кезеңде «М.Жұмабаев пен С.Торайғыровтың шығармалары   бойынша буктрейлер әзірлеу.  2-кезеңде ақын  шығармаларынан бір өлеңді жатқа, мәнерлеп оқу.

 «Тіл оқу әдістемелік орталығының» оқытушысы  М. Маралбаева, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша Талдықорған қалалық филиалының төрағасы, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі Қ.Абдрахман, «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С. Рысбаева   әділқазылық жасады.

Байқау қорытындысында, І орынға Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағысаз колледжінің студенті Мағжан  Разхан  лайық деп табылды.  Жүлделі ІІ орынды Талдықорған жоғары медициналықлық колледжінің  білімгері Еркежан Қайыржанқызы мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі  Анель Маширбет алса, ІІІ орынды «Жетісу құрылыс-техникалық колледжі»  Нұр Нүсіпқожа, «Zhansugurov college»  білімгері Арайлым  Қасымбек иеленді.  Байқаудың   ынталандыру сыйлығы  Талдықорған сервис және технология колледжінен Жазира Байзақ  пен  Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжінен  Айжан  Жабықпаеваға табысталды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз