Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

404

Жетісу ақпараттық алаңына шақырылған спикерлер Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматттық қорғау подполковнигі Сергей Огай мен   облыстық ТЖД аға инженері, аға лейтенант Еламан Аубакиров 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі турасында баяндады.

Спикерлердің айтуынша, жыл сайын облысымызда төтенше жағдайлардың  көпшілігі жеке тұрғын үйлерде жылыту маусымы басталғанда орын алады көрінеді.  Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында  Жетісу облысы аймағында  « 2023-2024 жылдарға арналған  өрт қауіпсіздігі жоспарына» сәйкес профилактикалық шаралар қолға алынған.  «Көмекке ұмтыл» атты акция департаменттің бастамасымен қолға алынып, 156  жанұяның пештері мен мұржалары тазалынып, көмек көрсетілді. Сондай-ақ, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үйлеріне қауіпсіздік дабылы орнатылды. Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде қайғылы оқиғалардың салдары азайды.

Еламан Манарбекұлы:

– Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану қауіпсіздігінің бұзылуы, пеш мұржаларының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы секілді салғырттықтар – өрттің басты себептері. Сондай-ақ, кейде адамдардың мас күйінде темекі шегуінен де от тұтанады.   Жыл басынан бері жылыту маусымында 25 өрт оқиғасы орын алды. Рейдтер барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйлерді жылытуға арналған  жабдықтарды, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын тексереді. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелері бар жадынама үлестіріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз