Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы «Рухани жаңғыру» орталығында өтті. Отырысқа қалалық әкімдіктің әр саласы бойынша жауапты мамандар, бөлім басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде 2024 жылға арналған бюджетті бекітуге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштерін алдын ала қарау және екіншісі, Білім беру, мелиорация және қаланы көгалдандыру мәселелер бойынша сарапшылардың қызметі, сатып алуға техникалық ерекшелік дайындау мәселесі қаралды. Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Мейрембаев отырысты кіріспесөзбен ашты.
Талдықорған қаласының 2024 жылға арналған бюджетті бекітуге қатысты қоғамдық кеңестің мүшелері өз ойларын ортаға салды.
Ең бастысы — бюджет қаражатын игеруді тиімді пайдалану жайында көптеген пікірлер айтылды. Қала бюджетін негізінен көріктендіруге, тазалық сақтау, ауланы абаттандыру, білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру, жол мәселелері қамтылып отыр. Ал, қоғамдық кеңес мүшелері көптің көкейінде жүрген көптеген ұсыныстар айтылды.
Негізінен, қоғамдық кеңес мүшелерін мектеп оқушыларының жазғы демалысы, жол салу, итті аулау, көше жарығына бөлінетін қаржы көлемі қызықтырды. Мәселен, қала бойынша 33 мыңдай мектеп оқушылары бар екен. Болат Қаметұлының айтуынша, «1-4 сынып оқушылары жазғы үш айлық каникулда мектеп жанынан ашылған күндізгі лагерде түске дейін демалады екен. Онда ешқандай жағдай жоқ. Бір күн музейге, бір күн бассейнге апаруы мүмкін, алайда, бұл балалар үшін ойдағыдай демалыс болмайды. Әр баланың оқудан қолы босағанында демалысына ғана емес, оқу- танымдық шараларға қатысуына көңіл аударуымыз керек. Талдықорған –Жетісудың жүрегі. Біздің өлкеміздің жанға жайлы, тамаша табиғаты бар. Соны орынды пайдалануымыз керек. Бұл демалыс орны жыл бойына жұмыс жасап тұратындай болуы тиіс. Балалар демалысы үшін лайықты жерді осы қаладан бөлуіміз керек. Бұл көкейкесті мәселе. Осы мәселені қала, облыс басшыларымен ақылдаса отырып шешуіміз керек. Ұсыныстарды жазбаша берейік».
Роза Ақжаркенова, Уәлиханов көшесіндегі тротуарды жөндеу жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді. Сапа жоқ, жарығы нашар. Сондай-ақ, орталық көшеден басқа жерлерде жарықтандыру мәселесіне келсек, сапалы емес. Абылай хан көшесіндегі жарық бағанасына қыруар ақша жұмсап, ауыстырылды, неге көше шамын орната салмаймыз? Сала мамандары жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Өз кезегінде жол жөндеу, құрылыс, қаланы көркейту және білім, демалыс мәселесі бойынша сарапшылардың пікірі де тыңдалды