Елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды

292

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, елімізде 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауды жүргізу басталды.
Алматы облысында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіледі.
Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде, 6 айдан бастап 10 айға дейінгі 25 090 бала, 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі 76 000 бала, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының 3 000 қызметкерлері жоспарланып отыр.
Айта кету керек, жыл басынан 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмегендердің иммундық мәртебесіне ревизия ұйымдастырылып, 7 732 адам егілген болатын.
Вакцинация – қызылшаның таралуын алдын алатын ең тиімді әдіс саналады. Осыған орай, ата-аналарды баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қызылшаға қарсы қосымша иммундау шеңберінде өз балаларын вакцинациялауға шақырамыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз