«Ортақ шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

319

1.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,  «Қоғамдық келісім» КММ.

2.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

— Жастардың кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылығын ояту,

— Үздік жобаларды қаржыландыру арқылы жастар кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және жастар кәсіпкерлік экожүйесін ұлғайту.

— Жастар арасында жеке және кәсіби құзыреттіліктерді, кәсіпкерлік дағдыларды арттыру.

— Түрлі бизнес және технологиялық міндеттерді шешу, жаңа жобаларды құру үшін стартап жобалар конкурсына қатысушыларды тарту арқылы облыс жастарының зияткерлік әлеуетін біріктіру арқылы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық орта бағыты бойынша инновациялық қызмет саласын дамыту

— студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар арасында зерттеу және инновациялық қызметті насихаттау, сондай-ақ оларды жаңа жобалармен жұмыс істеуге ынталандыру.

2.2 БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

— жастарға түрткі болатын механизмдерді құру;

-инновациялық идеялар мен әзірлемелерді қалыптастыруға бағытталған процестерді ынталандыру;

— инновациялық жобалардың ұйымдастырылуын қолдау арқылы жастардығылыми, техникалық және инновациялық қызметке жаппай қатысуын ынталандыру;

— осындай байқауға қатысу арқылы оң тәжірибе алу және шеберлігін кеңейту.

 

3.БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

 

-байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы (университет, колледж білімгерлері, магистранттар мен ғылыми зерттеу орталықтарының қызметкерлері,жоғарғы сынып оқушылары) қатыса алады;

-әрбір ізденуші  немесе  бірлескен топ тек 1 өтінім (жоба) бере алады;

-егер ережеде көрсетілген талаптар орындалмаса немесе өтінім парағы

белгіленген мерзімнен кешірек ұсынылса, онда бұл жоба сараптама

комиссиясының мүшелерімен қарастырылмайды.

  1. БАЙҚАУДЫҢ БАСТЫ ТАЛАПТАРЫ, ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

— Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

бірінші кезеңде – өтінім парақтарын қабылдау жұмысы жүргізіледі

екінші кезең — қатысушылар жобаларды қорғайды

үшінші кезең – финалдық, жеңімпаздарды марапаттайды

— жалпы  жобалардың  таныстырылымы 5минуттан артық емес, ауызша

баяндама түрінде жүргізіледі;

— қосымша сұрақтарға 3 минут беріледі;

— жобаны қорғау барысында иллюстрациялық материалдарды пайдалануға болады. Олар: макеттер, брошюралар  және т.б көрнекі жабдықтар;

— жобаны қорғау барысында қосымша құрылғылар (проекторлар, стендтер және т.с.с) қажет болған жағдайда қатысушы ұйымдастырушылардыалдын ала, шара өтуіне дейін 2 күн қалғанда ескертуі қажет.

-Байқауға қатысушылардың жол шығыны жіберуші жақтан.

5.БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАТЫН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫНА САРАПТАМА ЖАСАУШЫЛАР:

-Инновациялық жобаларға іріктеу жұмысын жүргізу үшін әділ қазылар алқасының құрамыбекітіледі (ары қарай  —  комиссия);

Комиссия мүшелеріне төмендегі міндеттемелер жүктеледі:

— әзірленген бағалау критерийлеріне сәйкес қатысушылардың жобаларына іріктеу жүргізеді;

— үздік жобаларды бағалайды;

-байқаудың нәтижесін шығарғаннан кейін қатысушылардың шағымдарын қарастырады;

-комиссия мүшелерінің қабылдаған шешімі өзгертуге жатпайды.

  1. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДАҒЫ ӨТІНІМ ПАРАҒЫНА ТАЛАП:

-байқауға қатысуда толтырылатын арнайы өтінім парағы 1 беттен аспау керек (1- қосымша);

-қатысушы өтінім парағымен қоса жеке куәлік көшірмесін және жобаның электронды нұсқасын қосымша жолдау қажет.

 

  1. ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

— жоба А4 форматта таныстырылуы қажет;

— жобаны әрбір қатысушы 2 данада басып шығару керек (бір дана —  қазылар алқасы мүшелеріне, екінші дана – жоба қорғаушы үміткерлерге)

— бос орындар аумағы: сол жағынан – 3 см,оң жағынан – 1.5 см, жоғарыдан және төменнен – 2 см, қаріп Times New Roman, кегль 14 пункт, жоларалық интервал – 1.2. Өтінімнің электронды нұсқасы файлдың   ⃰.doc форматы, яғни MS Word құжаты ретінде рәсімделеді;

— стартап жоба жұмысының парағы 10 беттен аспауы керек;

— жобалар мемлекеттік және орыс тілде ұсынылады (қатысушының қалауы бойынша);

— жоба төмендегідей элементтерді қамтуы тиіс:

  • негізгі бет
  • өзектілігі
  • мақсаты
  • жаңалығы
  • смета
  • өз еріктері бойынша фотосуреттер, кестелер, сызбалар және т.с.с түрінде қосымшаларды ұсынуға болады
  • қорытынды

-жоба тақырыбын таңдау еркін, тек бағытын көрсету қажет.

  1. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 

Бас жүлде, I, II, III орын ақшалай  сертификаттар, Дипломдармен және қатысқан үміткерлер Алғыс хат ынталандыру ақшалай сертификатымен марапатталады.

8.ӨТІНІШТІ ҚАБЫЛДАУ:

— Өтінім парақ пен жобаның электронды нұсқасын2023 жылдың 16 қараша дейін «Қоғамдық келісім» КММұйымдастыру бөлімінің kzhetysu@mail.ruжолдау қажет.

 

9.ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ, УАҚЫТЫ, ЖЕРІ:

— Байқаудың өтетін жері Талдықорған қаласы. Қаратал 36 а

— Нақты өтетін уақыты қосымша хабарланады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз