Медициналық қызмет сапасы бойынша қайда шағымдануға болады?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасына шағымдар бойынша түсінік берді.
«Денсаулық сақтау министрлігі өзінің бақылау функциялары аясында, сондай-ақ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бақылау мен мониторингті жүзеге асырады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде медициналық қызметтердің тәртібін, стандарттарын және оның сапасыз көрсетілгені үшін, сондай-ақ ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмекті ақылы негізде көрсеткені үшін...
Талдықорғанда «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Талдықорғанда «Мың бала» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Халықаралық балаларды қорғау күні Салтанат Сарайы ғимаратында өткен шараны облыстық білім басқармасы мен «Жетісу дарын» КММ ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс көлемінде олимпиадаға қатысуға 4883 оқушы тіркелсе, өңір бойынша ең жоғары балл жинаған 218 оқушы олимпиаданың 2-ші кезеңіне қатысты. Бұл балалар математикалық сауаттылық, қазақ немесе орыс тілдері, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша...
Балалардың жазғы демалысы туралы сұрақ-жауаптар
Қазақстандағы балалар лагерьлерінде қандай санаттағы балалар тегін демалуға құқылы?
Жауап: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан және жетім балалар, балалар отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары, студенттер мен оқушылардың басқа санаттары.
Тегін демалуға жолдама алу үшін ата-аналар қайда жүгінуі керек?
Жауап: Мемлекеттік білім беру мекемелерінің...
ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ…
31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқарамасы Кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің жеке құрамы «20 ғасырдың қасіреті» тақырыбында зұлмат жылдары көз жұмғандарды еске алуға арналған шара ұйымдастырды.
Шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде алты топқа бөлінген мерзімді әскери қызметшілері тақырып аясында...
Патриоттар шеруі Талдықорғанда өтті
4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік Ту тұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция ұйымдастырылды. Салтанатқа облыс әкімі Б.Исабаев пен қала әкімі Е.Бәзіл қатысты. «Жастар» саябағынан басталған шеру Ж. Балапанов, Б. Әшімов көшелерімен жүріп өтіп, Талдықорған – Алматы тас жолының бойындағы 92 метр биіктікте орнатылған Мемлекеттік Ту тұғырына...
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:
- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580...
Ерлан Қарин: қазіргі басты міндеттің бірі – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен оқытушы-профессорларының алдында сөз сөйледі.
Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының идеологиялық сипаты еліміздегі барлық өзгерістің бастауында тұрған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқанын атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың мән-маңызы, мақсаты және негізгі кезеңдері мен нәтижелері туралы әңгімелеп берді.
Ерлан Қариннің пікірінше, қазіргі басты...
Кассалық машиналар не үшін керек? Салық органының маманы түсіндірді
ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген. Заңнама сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, өз кезігіңде тұтынушының құқығын қорғайды. Осындай ақпаратпен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Динара Төстікбаева Өңірлік коммуникациялар алаңында бөлісті.
«Сатушыларда бақылау-кассалық...
Білікті кадрлар даярлау ісіне көңіл бөлінуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына сапары барысында Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдармен кездескен болатын. Ұлттық ғылым академиясының негізін тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев қалаған болатын. Сондықтан да бұл қазақ ғылымының қара шаңырағы саналады.
– Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік....
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым ордасында сөйлеген сөзі
Қадірлі қауым!
Құрметті жас ғалымдар!
Бүгін сіздермен Ғылым ордасында жиналып отырмыз. Қуаныштымын. Бұл – қазақ ғылымының қара шаңырағы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кездері бұл ғимарат әбден тозып кетті. Сондықтан мен осыдан екі жыл бұрын бұл жерде күрделі жөндеу жүргізу жөнінде нақты тапсырма бердім. Содан бері біраз шаруа атқарылды. Іші де, сырты да заман талабына сай жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи келбеті...



























