Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде

193

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

       Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:

      — әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;

      — жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;

     — сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

      Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсырды.

     Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен
2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.

    Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 2,4 млн. жеке тұлғалар тапсырады – олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.

    Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар).  Жалпы 7,9 млн жеке тұлға қамтылады деп жоспарлануда.

    Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде.

      Активтер мен міндеттемелерді декларациялау көзделеді Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсету:

     1)           Шет мемлекетте тіркелген мүлік:

     жылжымайтын мүлік, жер уаскелері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз жүзу кемелері;

     көлік, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

     Қазақстан Республикасында тыс жерлерде орналасқан шетел банктерндегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша
1000 АЕК мөлшерінен жиынтық асатын сомада ақша*;

шетелдік компанияға қатысу үлесі;

     2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:

    тұрғын үй құрылысына үлес

    бағалы қағаздар, цифрлық активтер, туынды қаржы құралдары;

    инвестициялық алтын;

    зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

    10 000 АЕК шегінде қолма-қол ақша;

    31.12.2023 жылға дейін нотариалдық куәландырылған басқа тұлғалармен несиелік шарттар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешекті қоспағанда;

     3) Құны 1000 АЕК асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлыр және т.б.) – бағалауды декларацияны тапсырғанға дейін жүргізілуі тиіс (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

 *  Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар ҚР тыс жерлерде орналасқан шетел банктеріндегі сомасы қарамастан ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ, мүлікті сенімгерлік басқаруға, сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Декларацияны табыстау кезінде Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы тиіс. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады.

     Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз:

     — тәуелсіз бағалаушыға 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша құны 1000 АЕК-тен (3,5 млн.теңге) асатын мүлікті бағалату (қалауы бойынша)

     — 31.12.2023 жылға дейін орын алған ақша қаражаттарын беру фактісі бойынша, нотариустардан қарыз алу шарттарын куәландыру

     Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын келесі сайттар бойынша тексеруге болады:

      1) Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

      2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

      3) зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

     4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

     Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет.

      Кірістері мен мүлкі туралы декларация жеке тұлғалар туралы ақпаратты көрсетуге арналған:

     —  кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерін қоспағанда, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер;

     —  салық шегерімдері;

    —   Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлікті өтеусіз алу, сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;

    —  1000 АЕК еселенген мөлшерiнен асатын жалпы сомада Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдiк банктердегі банк шоттарындағы ақша*;

       Шетел мемлекетте тіркелген мүлік (жылжымайтын мүлік, жер уаскелері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз жүзу кемелері, көлік, арнайы техника және (немесе) тіркемелер);

   — шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздар, цифрлық активтер;

  —  инвестициялық алтын;

  —  зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

  —  шетелдік компанияға қатысу үлес;

  —  31.12.2023 жылға  дейін нотариалдық куәландырылған басқа тұлғалармен несиелік шарттар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешекті қоспағанда

     Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ мүлікті, Қазақстан Республикасында және шетелде сатып алу шығындарын жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:

  — жылжымайтын мүлік, жер уаскелері;

  — көлік, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

  — заңды тұлғаға қатысу үлес;

  — бағалы қағаздар, цифрлық активтер, туынды қаржы құралдары;

  — инвестициялық алтын;

  — зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

  — тұрғын үй құрылысына үлес

    Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар ҚР тыс жерлерде орналасқан шетел банктеріндегі сомасы қарамастан ақпаратты көрсетеді.

     Осылайша, салық декларациясын электронды түрде және қағаз жеткізгіште (ХҚКО-ларға, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы) ұсынуға болады.

     Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер cabinet.salyk.kz), веб-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «Е-Salyq Azamat»Halykbcc.kz (Центркредитбанк), eGov mobile мобильді қосымшасы іске асырылды

       Азаматтар ЭЦҚ алуға онлайн өтінім бере алады, ал мобильді қосымшаларға ЭЦҚ-сыз смс-код арқылы кіруге болады.

      Қабылданған шаралар жалпыға бірдей декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      Халық арасында декларация тапсырудың ең танымал тәсілдері
«Е-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасы және  салық төлеушінің кабинеті болып табылады

     Олардың үлесіне барлық қабылданған декларациялардың шамамен 95% — ы тиесілі.

      Бүгінгі таңда азаматтардың 99 % — ы декларацияларды электронды түрде ұсынады.

      3 кезеңнің алдын ала есеп бойынша 2,4 млн. жеке тұлғаның  ағымдағы жыл басынан активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан.) 835,1 мың  азамат немесе 35%, (2 кезең бойынша кірістер мен мүлік туралы 2,8 млн.декларанттың (270.00 нысан.) 2 млн  жеке тұлға немесе 71 %) ұсынды.

     Қазақстан Республикасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес:

     Декларацияны ұсынбағаны үшін:

     алғашқы рет — ескерту (ҚР ӘҚБтК 272-бабының 1-тармағы)

     бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін — 55 380 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ҚР ӘҚБтК 272-бабының 2-тармағы).

     Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін:

     алғашқы рет — ескерту (ҚР ӘҚБтК 272-бабының 2-1-тармағы)

     бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін -11 076 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ҚР ӘҚБтК 272-бабының 2-2-тармағы)

    Салық салу объектілерін жасырғаны үшін:

     алғашқы рет — төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл
(ҚР ӘҚБтК 275-бабының 1-тармағы)

    бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін — төленбеген салықтар сомасының 300% мөлшерінде айыппұл (ҚР ӘҚБтК 275-бабының
1-тармағы) жауапкершілік қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз