Қазақстандағы балалар лагерьлерінде қандай санаттағы балалар тегін демалуға құқылы?
Жауап: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан және жетім балалар, балалар отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары, студенттер мен оқушылардың басқа санаттары.
Тегін демалуға жолдама алу үшін ата-аналар қайда жүгінуі керек?
Жауап: Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге мемлекеттік қызмет алу үшін жеке тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жолдайды.
Жолдама алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Жауап: Тіркеу кезінде қажет болатын құжаттар
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4)неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде);
5) «денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 071/е нысанына сәйкес сауықтыру лагеріне кететін оқушыға медициналық анықтама (бұдан әрі – №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама);
жетім балалар мен ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі бойынша отбасында тұратын;
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін — отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
Әр балаға неше күн беріледі?
Жауап: Балалардың сауықтыру орталықтарындағы демалыс күндерінің саны әр объектінің жобалық қуатына байланысты әр ауысымда 10-нан 15 күнге дейін әр түрлі мерзімге беріледі.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты