Білікті кадрлар даярлау ісіне көңіл бөлінуде

219

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев  Алматы қаласына сапары барысында Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдармен кездескен болатын. Ұлттық ғылым академиясының негізін тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев қалаған болатын.  Сондықтан да  бұл қазақ ғылымының қара шаңырағы саналады.

 – Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс. Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы Парламентте қаралып жатыр.  Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Нақтырақ айтқанда, білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейіп отырғандығы қуантады.  Елімізде  әлемнің беделді жоғары оқу орындары филиалдары ашылуының өзі осы ғылымға көңіл бөлініп жатқандығының айқын айғағы. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр.  Осының бәрі жастардың ғылыммен айналысуына жол ашады.Білімді ұлт тәрбиелеу ісіне үлес қосауымыз керек.

                                                                 Мұратбек Иманғазинов,                               І.Жансүгіров атындағы ЖУ профессоры, филология                                                                                                                                                                                        ғылымының докторы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз