ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ…

198

31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

         ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің  Алакөл ауданы бойынша шекара басқарамасы Кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің жеке құрамы «20 ғасырдың қасіреті» тақырыбында зұлмат жылдары көз жұмғандарды еске алуға арналған шара ұйымдастырды.

         Шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде алты топқа бөлінген мерзімді әскери қызметшілері тақырып аясында сурет салды. Қиын-қыстау жылдарын көз алдына келетіргендей қыл қаламмен ақ қағазға түсірді. Үздік шыққан туындыларға  орындар берілді. Ал екінші бөлім Үшарал қаласының Астана атты саябағындағы ашық алаңда орналасқан сахнада жалғасты. Іс-шара қуғын-сүргін тарихын жеткізумен басталып, құрбан болған жандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікке жалғасты. Қатардағы жауынгер  Мерей Маулетбек «Ертұран» күйін, қатардағы жауынгер  Абзал Жұмабек «Оян қазақ» әнін орындады. Қатардағы жауынгер Ерлік Қазыбек өлең оқыды. Содан кейін шара сахналық қойылымға жалғасты. Туындының авторы қатардағы жауынгер   Аяла Елшат. Ал  қатардағы жауынгерлер Нұрсұлтан Нұрболатов, Елдар Бейбітұлы,  Ернат Иманжан, Дильшат Кевиржанов,  Атамұрат Бабандар берілген рөлдерді шынайы сомдады. Ал қатардағы жауынгерлер Мағжан Асқар пен Сейтнұр Тоқтарбек қойылым барысына музыкалық жетекшілік етті. Тарихтың қара жолақтарын еске түсірген қасіретті жылдар жиналған қауымға аға ұрпақтың жүріп өткен қиы-қыстау кездерінен мол ақпарат берді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз