ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген. Заңнама сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, өз кезігіңде тұтынушының құқығын қорғайды. Осындай ақпаратпен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Динара Төстікбаева Өңірлік коммуникациялар алаңында бөлісті.
«Сатушыларда бақылау-кассалық машинасы болуы, тауарларды сатып алу кезінде чек беруі, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орыс және қазақ тілдерінде беруі, сондай-ақ, қызметкерлерінен өз аты-жөнін көрсететін бейдж туралы хабардар талап етуі керек. Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, бұл мәліметтер соттағы әділеттілікті қалпына келтіруге көмектеседі», — деді спикер.
Онлайн бақылау-касса машиналары салық органдарына нақты уақыт режимінде орындалған ақша операциялары туралы ақпаратты оңай жіберуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде бақылау-кассалық машиналарды пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Егер заңнама бірінші рет бұзылса – ескерту, қайталап жасалса – айыппұл салынады.