Ақбөкендердің мүйіздерін Қорғас кеден бекетінде тасымалдау әрекеті тоқтатылды
2024 жылғы 12 маусымда Жетісу облысының «ШХЫО-Қорғас» кеден бекетінде кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде ҚР азаматы И. ҚР-дан ҚХР ХШЫО аумағына барған "FAW" маркалы автокөлік құралында капот кеңістігінде бақылаудан жасырылған 112 дана "ақбөкен мүйізі" анықталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс жүргізу әрекеттері жүргізілуде, автокөлік құралы УСҚ-ға «ILS» орналастырылды.
Бұл іс-әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-1-бабы "ақбөкенді заңсыз өндіру,...
Екі елдің арасындағы мәдени байланыс
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің архив ісі, құжаттама және кітап ісі комитеті және Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің «Узархив» агенттігі арасындағы мәдени байланыстарды бұдан әрі дамыту мақсатында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және Шымкент қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция өткізудегі...
МАҒАН ҰНАҒАН БЕС КІТАП…
Адам өмірінде өзгеріс әкелетін бір адам немесе бір оқиға болады. Өйткені, адам бойындағы құндылықты жоғалтпау үшін күнде бір іске үйреніп, шыңдап отыруы тиіс. Мұндай жақсы әдеттердің бірі - кітап оқу. Себебі, адамның рухани құндылығын байытатын кітап деп ойлаймын.
Мен бүгін оқыған кітаптарымның ішіндегі қатты ұнаған бес кітабым туралы айтқым келіп отыр. Біріншісі - Ілия Есенберлиннің «Ғашықтар» атты кітабы. Кітапта...
Талдықорғанда жүзуге тыйым салынған 8 орын табылды
Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз. Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал. Талдықорғанда өткен жылдың 7 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1 бала құтқарылды. Шомылу кезінде суға батып кеткендер тіркелмеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талдықорған қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Бауыржан Манасов пен Талдықорған қаласы ТЖБ азаматтық...
«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар жанұялар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков...
Сардарларды ұлықтаған футбол
Еске алуға арналған футбол ойыны өмірден өткен чекистердің рухын ұлықтауға арналды. Асановтар әулетінен шыққан оғландардың, Юсуп - 135 жас, Тұрсын - 110 жас, Нұрмахамят - 100 жас, Кахарман - 85 жасқа келген мерейтойлары аталып өтті.
Футболға Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласының командалары қатысқан 6 команда өзара бақ сынасты. Олар «Алматы», «Ташкенсаз», «Байсейіт», «Достық», «Жаркент», «Шонжы» құрама командалары.
Турнирге...
Биыл Талдықорғанда 77 мыңнан астам гүл егіледі
Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше бүгінгі күні шаһар аумағына гүл егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Гүл егу жұмыстары саябақтар, скверлер мен жол жиектеріне және ескерткіш маңдарын да қамтымақ.
«Биыл қала аумағына гүл егу жұмыстарын өткен жылмен салыстарғанда ерте бастадық. Қазіргі таңда саябақтар мен скверлерде егу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, жол жиектеріне де гүлді...
Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады
Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы ірге тасы қаланып жатқан волейбол орталығының құрылыс жұмысымен сондай-ақ, Қаблиса жырау көшесінде бастау алған жылыту құбырларын ауыстыру жұмыстарын да...
Жаңашылдықты серік еткен IT жеткіншектері
Қазақта «Бұлақ көрсең көзін аш» -деген тәмсіл бар. Талдықорған қаласының қосымша білім беру ұйымдарының жеткіншектері айтулы талай додаларда топ жарып келеді. Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайындағы ғылым мен техника, хореография, вокал, аспаптық өнер, тіл шебері, бейнелеу және қолөнер, туризм, спорт бірлестігінің үйірмелері балаларды өнер мен білім, спорт пен робототехникаға бейімдейді.
Осы жуырда Журналистер үйі ғимаратында «Робо ЖУ-2024» роботтық техника бойынша олимпиада...
Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR код арқылы төлеңіз
Құрметті қызмет алушылар! Енді барлық ХҚКО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 738 тг, паспорт үшін – 24 бет 14768 тенге, 36 бет 29536тенге, 48 бет 44304 тенгені құрайды.
Естерінізге сала кетейік, Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде...





























