Биыл Талдықорғанда 77 мыңнан астам гүл егіледі

139

Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше бүгінгі күні шаһар аумағына гүл егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Гүл егу жұмыстары саябақтар, скверлер мен жол жиектеріне және ескерткіш маңдарын да қамтымақ.

«Биыл қала аумағына гүл егу жұмыстарын өткен жылмен салыстарғанда ерте бастадық. Қазіргі таңда саябақтар мен скверлерде егу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, жол жиектеріне де гүлді егіп бастадық. Өткен жылы қала аумағына 40 мың дана гүл шоқтарын ексек биыл 77 мыңнан астам гүл егуді жоспарлап отырмыз. Оның 46 мың данасы жол жиектеріне, ал 31 мыңнан астамын саябақтар мен скверлеріне екпекпіз», — деді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков.

Сонымен қатар, қала аумағын абаттаныдыру жұмыстары әлі де жалғасып жатқандығын айтып өткен жөн. Атап айтқанда, ағаштарды ретке келтіру, жол жиектеріндегі қоршауларды сырлау және арық жүйелерін қоқыстардан тазарту сияқты жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, қала аумағына өсімтал келетін тагетес шафранның сары және қызғылт сары түсі, целозия пиннатасы, сальвия және цинерария гүлдері егілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз