2024 жылғы 12 маусымда Жетісу облысының «ШХЫО-Қорғас» кеден бекетінде кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде ҚР азаматы И. ҚР-дан ҚХР ХШЫО аумағына барған «FAW» маркалы автокөлік құралында капот кеңістігінде бақылаудан жасырылған 112 дана «ақбөкен мүйізі» анықталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс жүргізу әрекеттері жүргізілуде, автокөлік құралы УСҚ-ға «ILS» орналастырылды.
Бұл іс-әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-1-бабы «ақбөкенді заңсыз өндіру, жою, сол сияқты заңсыз өндірілген ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» бойынша көзделген.
Айта кетейiк, «Қорғас ХШЫО» 2023 жылдың 24 сәуiрiнен бастап жұмыс iстейдi. Ашылған күннен бастап кеден органдары жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде кеден заңнамасын бұзудың 800 фактісі анықталып, 136 әкімшілік іс қаралып, 40,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.