Жетісу әкімдігі мен «Даму» қоры кәсіпкерлікті бірлесіп дамытудың нақты қадамдарын айқындады

Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Фархат Сарсекеевпен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту туралы мәселені талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әсет Қанағатов «Даму» қоры басшысының облысқа арнайы келгеніне ризашылығын білдіріп, шағын және орта бизнесті қолдау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Облыс әкімдігі мен Қор арасындағы өзара тиімді іс-қимыл қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2025 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға 5,6 млрд. теңге бағытталды, жалпы сомасы 9,5 млрд. теңге болатын 135 жоба қаржыландырылды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. Бүгінгі күні облыстың жалпы өңірлік өніміндегі осы саланың үлесі 32,2% құрады. Біз алдағы уақытта да шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастырамыз, — деді Ә. Қанағатов.

Өз кезегінде Қор басшысы «Өрлеу», «Іскер аймақ» сияқты бағдарламалардың тиімді шарттарын баяндады.  

Кездесу соңында тараптар шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау механизмдерін өңір кәсіпкерлеріне жан-жақты түсіндіру және бағдарламаларды ілгерілету жұмыстарын бірлесіп атқарудың нақты қадамдарын айқындады.  

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз