Екі елдің арасындағы мәдени байланыс

170

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің архив ісі, құжаттама және кітап ісі комитеті және Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің «Узархив» агенттігі арасындағы мәдени байланыстарды бұдан әрі дамыту мақсатында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және Шымкент қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция өткізудегі мақсат — архив қорларына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып құжаттамалық зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау, архив саласын цифрландыру мәселелері. Шара қазақ, орыс, өзбек тілдерінде өткізілді. Конференция жұмысы мынадай басты үш бағыт бойынша жүргізілді: Тарихты зерттеудегі архив құжаттарының орны мен рөлі, Архив ісі: қазіргі жағдайы мен дамыту перспективалары, архивтық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары.

Жетісу облысының атынан Жетісу облысы мемлекеттік архивінің  Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Канапиянова Кенже Саубанқызы  осы жиынға қатысып «Жетісу архив ісі саласының жағдайы және даму болашағы» атты тақырыпта баяндама жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз