Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы ірге тасы қаланып жатқан волейбол орталығының құрылыс жұмысымен сондай-ақ, Қаблиса жырау көшесінде бастау алған жылыту құбырларын ауыстыру жұмыстарын да аралап өтті.
Сонымен қатар, Көктал шағын ауданында және 3 бөлімше аумағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол құрылысын аралады. Атап айтқанда, 3 бөлімшеде басталған жол жөндеу жұмыстары 2024-2026 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Аймақта жалпы ұзындығы 15 шақырым жол, 20 көше бар болса, биылғы жылы соның 3 көшесі яғни 2,5 шақырымы жөндеуден өтеді.
Сапаны бірінші кезекке қойған шаһар басшысы құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерге назар аударып, уақытылы жоюды тапсырды.