Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR код арқылы төлеңіз

158

Құрметті қызмет алушылар! Енді барлық ХҚКО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 738 тг, паспорт үшін – 24 бет 14768 тенге, 36 бет 29536тенге, 48 бет 44304 тенгені құрайды.
Естерінізге сала кетейік, Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 100 ден астам Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 1327 қызметтің 1249 қызмет түрі корпорация арқылы көрсетіледі.
Төлем Homebank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы қолжетімді

“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз