Сардарларды ұлықтаған футбол

194

Еске алуға арналған футбол ойыны өмірден өткен чекистердің рухын ұлықтауға арналды. Асановтар әулетінен шыққан оғландардың, Юсуп — 135 жас, Тұрсын — 110 жас, Нұрмахамят — 100 жас, Кахарман — 85 жасқа келген мерейтойлары аталып өтті.

Футболға Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласының командалары қатысқан 6 команда өзара бақ сынасты.  Олар «Алматы», «Ташкенсаз», «Байсейіт», «Достық», «Жаркент», «Шонжы» құрама командалары.

Турнирге 2006 — 2007 жылы дүниеге келген жалпы білім беретін мектептердің жас футболшылары қатысты. Турнирдің бас төрешісі Дилшат Насыров. Демеушісі Бақтияр Шардинов. Ұйымдастырушы комитет — «Кентавр».  Қор президенті Махмуд Ескиндиров.

 Жарыста құрама командалар  жақсы ойын нәтижесін көрсетті. I орын – «Жаркент», II орын – «Ташкенсаз», III орын – «Шонжы» құрама командалары иеленді.

Жүлделі орын алған командалар ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен, естелік медальдармен және  дипломдармен марапатталды. Үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз