Адам өмірінде өзгеріс әкелетін бір адам немесе бір оқиға болады. Өйткені, адам бойындағы құндылықты жоғалтпау үшін күнде бір іске үйреніп, шыңдап отыруы тиіс. Мұндай жақсы әдеттердің бірі — кітап оқу. Себебі, адамның рухани құндылығын байытатын кітап деп ойлаймын.
Мен бүгін оқыған кітаптарымның ішіндегі қатты ұнаған бес кітабым туралы айтқым келіп отыр. Біріншісі — Ілия Есенберлиннің «Ғашықтар» атты кітабы. Кітапта адамның махаббатының шексіз адалдығы туралы сөз болады. Кітапты оқыған жан өзінің де өзгеге де сезімінің қаншалықты құнды екенін түсінеді. Шығарманың өн бойында адалдыққа деген көзқарас қалыптасады. Мен оны өзімнің алған әсерімнен байқадым. Маған ұнаған екінші кітап — Мұхтар Мағауиннің «Күтпеген кездесу» атты туындысы. Ол да сезім мен махаббатқа толы лирикалық кітап. Сүйген қызы таңдаған шешімге қарамастан, өз жылулығы мен сезімін бере алатын нағыз сері жігіт туралы айтылған. Сол кітапта жақсы сөз бар. Ол Абай атамыз атпақшы: «Махаббатсыз дүние бос…».
Ал үшінші кітабым, қазақ даласындағы ең алғаш романдардың бірі. Авторы Алаш қайраткері. Қазаққа «Оян, қазақ!», — деп жар салып, халқы үшін тер төккен Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы. ХVII – XVIII ғасырдың байларының аш көздігінен жапа шеккен қара халықтың бірі — Жамал туралы. Ғани екеуінің бір-біріне деген сезімдері туралы жазылады. Бай баласының дәулетіне бола ата-анасы қызының бақытына балта шабады. Өйткені, Жамал сүйген жанына емес, ата-анасының шешімімен байдың баласына қосылады. Заман әділетсіздігі туралы туындының адам баласына берері мол.
Төртінші кітабым — өте ғажап кітап. Оқыған адамның өмірін өзгертуге себеп болады. Менің кітапханамның ең таңдаулысы – Джек Лондонның «Мартен Иден» кітабы. Автор бұл кітап туралы алдына қойған мақсат пен армандарына табандылық пен төзген қарапайым моряк туралы баяндайды. Кейіпкер өзі қалған өмірін теңізде емес, шығармашылыққа арнайды. Достары оған сенімсіздік білдіреді. Қарапайым моряк болса, жолында кездескен қиындықтың барлығына төтеп беріп, айты әйгілі жазушыға айналады. Маған ұнаған бесінші кітап — Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұлов туралы жазған «Қызыл Жебе» кітабы. Ашаршылық пен отаршылыққа қарсы тұрған батырдың тартысқа толы өмірі толық жазылады. Мен оқыған кітаптардың желісіндегі оқиғалар өмірде де кездесеуі мүмкін. Ғашықтық — жан қуаты, жүрек қазынасын ашатын жалғыз кілт. Осы кілттерді жоғалтпай санада ұстай білу – біздің қасиетті парызымыз болуы керек! Сонымен қатар, әр адам туған жерінің патриоты болуға міндетті!
Қатардағы жауынгер Нариман ЕРАЛИЕВ,
ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша
департаменті Алакөл ауданы бойынша
шекара басқармасы кәсіптік және
техникалық дайындық бөлімі.