Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз. Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал. Талдықорғанда өткен жылдың 7 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1 бала құтқарылды. Шомылу кезінде суға батып кеткендер тіркелмеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талдықорған қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Бауыржан Манасов пен Талдықорған қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері Ертарғын Тілеубаев мәлімдеді.
Осы жылы ТЖБ қызметкерлері судағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп Қаратал және Балықты өзендерінде жаппай шомылу учаскелеріне тексеру жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 8 жабдықталмаған және рұқсат етілмеген шомылу орны анықталды.
Бауыржан Манасовтың айтуынша, қауіпті және суға шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерде 36 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған.
Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы құтқару бөлімшелерін, білім бөлімдерін, ЖПҚ қызметкерлерін, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар тарата отырып, «жазғы кезеңдегі судағы мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Жалпы Талдықорған қаласы бойынша жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олар туындаған жағдайда уақтылы тіркелу мәселелері тұрақты бақылауда.