Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.
Қазақстандықтар ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе...
Бейбіт Исабаев жаңа Конституцияның жобасын талқылау жиынын өткізді
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға қоғамдық кеңестер мүшелері, жергілікті мәслихаттар төрағалары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, түрлі сала мамандары - жалпы жүзден астам адам қатысты. Атап өтсек, жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, өңірлік...
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМ ТІРЕГІ
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев және өңірлік коалиция өкілі Ришад Тұрғанбай «Биліктің ашықтығы және қоғамдық бақылау» тақырыбында диалог форматындағы жиын өткізді. Шараға БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері қатысты.
Коалиция өкілдері конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, алдағы референдумның маңызы және реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы...
Абыз ақсақалдар ұрпаққа үлгі
Талдықорған қаласы бойынша зейнеткерлер қатары 28 мыңға жуық. Жаһандану әлемінде рухымызды тіктеп, ұлттығымызды сақтап, ұрпағымызға өнеге болсақ, қоғамға үлесімізді қоссақ дейтін белсенді ардагерлер қатары да жыл сайын толығып келеді.
Жуырда «Салтанат сарайының» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға қала әкімі Ернат Бәзіл, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және...
Ұстаз келбеті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Педагог мәртебесі туралы арнайы заң қабылданып, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда мемлекет тарапынан арнайы құрмет көрсетілуі тиіс екенін атап өткен болатын. Сонымен қатар балаларға жасанды интеллект негізінде оқыту жүйесіне назар аударылды.
Соның бір дәлелі жуырда Жетісу облысы, Талды-қорған қаласында ұстаздар арасында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаздар» атты тақырыпта байқау еді. Байқау Талдықорған қаласында қалааралық,...
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1. «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»;
2. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»;
3. «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша...
Фитосанитариялық есептілік туралы ескерту
2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 13 және 14-5 баптарына сонымен қатар, 24.07.2020 ж. №237 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке, алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
Яғни,...
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне қатысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ ол қоғам өмірінде түбегейлі шешімін таппай тұрған күрделі мәселе болып отыр.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Осы жағымсыз құбылыспен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру...
Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді
2025 жылы 60 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» сервисін пайдаланды. Қызмет барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда қолжетімді, сондай-ақ көшпелі форматта көрсетіледі.
📌Қызметті алу үшін кез келген ХҚКО немесе МХҚКО-дағы тіркеу орнына жүгіну жеткілікті. Жеке менеджер өтініш беруден бастап дайын құжатты алғанға дейін барлық кезеңде көмек көрсетеді.
Қызмет құны:
🔹ХҚКО-да – 5 697 теңге
🔹Мамандандырылған орталықта – 6 306 теңге
🔹Көшпелі қызмет – 7...
Таңдау жасау — жауапкершілік
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның болашағы үшін!» Жетісуда өңірлік коалиция мүшелері жаңа мәтінде ұсынылған Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша үкіметтік емес ұйымдар, жастар, жұмысшы шаруашылық қожалықтарында кездесулер ұйымдастыруда.
Конституцияның жаңа жобасының мәтінін түсіндіру барысында халық кеңесі, заң және референдум, әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет бекітілетіні туралы, азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы...





























